NUR

Патшалықтар 3 8

1Сүлеймен патша Жаратқан Иенің Келісім сандығын Сион төбесіндегі Дәуіттің шаһарынан киелі үйге көшіруге арналған салтанатқа қатысуға Исраил халқының ақсақалдарын, барлық рубасылары мен әулет басшыларын Иерусалимге шақырды.

2Содан бүкіл Исраил халқының өкілдері қазан айындағы Күркелер мейрамы кезінде Сүлеймен патшаның қасына жиналды.

3Елдің барлық ақсақалдары жиналғаннан кейін діни қызметкерлер Жаратқан Иенің Келісім сандығын тұрған орнынан көтеріп алып кетті.

Nur ilovasida to'liq o'qish →