NUR
Қорынттықтарға 1 14
1Сүйіспеншіліктің жолын қуыңдар! Рухани дарындарға, әсіресе Құдайдың хабарын жеткізу дарынына, ие болуға ұмтылыңдар!
2Бөтен тілде сөйлейтін кісі адамдарға емес, Құдайға арнап сөйлеп, ешкім оны түсінбейді. Ол өз рухымен құпияларды айтады.
3Ал Құдайдың хабарын жеткізуші адамдарға арнап сөйлеп, оларды нығайтып, жігерлендіріп, жұбатады.