NUR
Шежірелер 1 20
1Келесі жылғы көктемде, патшалар жорыққа аттанатын уақытта, Жоғаб Исраилдің әскерін жауға қарсы бастап шықты. Олар аммондықтардың елін жаппай ойрандап, астаналары Раббаны қоршап алды. Дәуіттің өзі Иерусалимде қалып қойды. Жоғаб Рабба қаласына қарсы шабуыл жасап, оны қиратты.
2Дәуіт аммондық патшаның басынан тәжін шешіп алып, оны өз басына киді. Салмағы бір ат басындай саф алтын тәж асыл таспен безендірілген болатын. Бұған қоса Дәуіт қаладан өте көп мөлшерде олжа алып шықты.
3Ол қаладағы халықты да шығарып, ара, темір кетпен және балтамен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Аммондықтардың күллі қалаларының халқымен де Дәуіт осылай істеді. Содан соң Дәуіт бүкіл әскерін ертіп Иерусалимге қайта оралды.